Театр шақырады!

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры

Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрына биыл – 80 жыл. Мерейлі датаға орай театр ұжымы ақпан, наурыз, сәуір айларында 3 бірдей үлкен қойылымның тұсауын кеспекші. 26-28 ақпан күндері сағат 18:30-да М.Ғапаровтың «Қиямет қайым, Киото» драмасының премьерасы өтеді. Қойылым тағдыр шырмауында қалған жандардың тіршілік баспалдағымен алға ұмтылуы жайында болмақ.