Сарыағашта газ баллоны жарылды

278

Сарыағаш ауданында келеңсіз жағдай орын алды. Жібек жолы ауылындағы жеке үйдің бірінде газ баллоны жарылған. Соның кесірінен бір отбасының алты адамы түрлі дәрежеде күйіп қалды.

 Оның екеуі екі жасар және жаңа туылған нәресте. Қазір зардап шеккендердің барлығы да ауруханада емделіп жатыр. Мамандар жарылыстың ас бөлмесінде болғанын анықтады. Мұнда 50 литрлік сығымдалған газ баллоны кенеттен жарылып, соңы өртке ұласқан.

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TfYB3fSsHvc[/youtube]