Шымкенттің жүлде қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

513
Мадина енді Әлем чемпионы атансам деп армандайды

Шымкенттің үздік каратэ-дошылары Кувейтте өткен Азия чемпионатында топты жарды. Ел құрамасының сапында бірнеше шымкенттік каратэші де болған еді. Нәтижесінде Мадина Өтелбаева екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бойжеткен ақтық кездесуде Иран спортшысымен бақ таласты. Алайда кездесу барысында Мадина ернінен жарақат алып, төрешілер жерлесімізге жеңісті берді. Өйткені жекпе-жек барысында қарсыластар бір-біріне мұндай жарақат салмауы қажет.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KNr5T5esZXU[/youtube]

Мадина биылғы маусымды Азияның алтын медалімен бастады
Мадина Өтелбаева

Мадина осыған дейін де бірнеше рет Азия чемпионатына қатысқан. Алайда алтыннан алқа таға алмай келген еді. Ал бұл жолы шымкенттік спортшының бағы жанды. Ол жекелей сынақтан бөлек командалық есепте де топты жарды.

Мадина енді Әлем чемпионы атансам деп армандайды
Мадина енді Әлем чемпионы атансам деп армандайды 

Оңтүстік қоржынына күміс медальды бұл жолы Алдияр Мелдеханов салды. Алдияр 75 келідегі спортшылар арасында сынға түскен болатын. Ол ақтық кездесуде бойы 2 метрге жуық ирандық каратэшіге есе жіберді.

Азия чемпионатында топты жарған жерлестеріміз
Азия чемпионатында топты жарған жерлестеріміз
Азия жүлдегерлері енді әлемдік аренада ептілік танытуды жоспарлауда
Азия жүлдегерлері енді әлемдік аренада ептілік танытуды жоспарлауда

Қоладан алқаны Дархан Асаділов тақты. 60 келілер арасында сынға түскен Дархан әлем чемпионатында күмістен алқа таққан жалғыз қазақ спортшысы болатын. Бұл жарыстан кейінде ол әлемдік аренада топты жаруға дайындығын бастайды.

Дарханның Кувейтте  жартылай финалда жолы болмады
Дарханның Кувейтте жартылай финалда жолы болмады

Ал командалық есепте Дамира Сухамбердиева үздік танылды. Ол үшінші орыннан көрінді.

Бұл жастар ел құрамасының сапында ептілігін сынға салды
Бұл жастар ел құрамасының сапында ептілігін сынға салды
Жерлестеріміз келесі жарысқа дайындықты қызу талқыға алуда
Жерлестеріміз келесі жарысқа дайындықты қызу талқылауда
Жарыстан орала салысымен-ақ спортшылар қайта дайындыққа кірісті
Жарыстан орала салысымен-ақ спортшылар қайта дайындыққа кірісті

Тағы бірнеше күннен кейін Шымкентте республикалық оқу-жаттығу жиыны басталады. Содан кейін отандастарымыз Оңтүстікте өтетін ел чемпионатына қатысады.