300 үй жылусыз қалды

211

Желтоқсанның 22-жұлдызынан 23-не қараған түні сағат екілер шамасында Шымкенттегі «Сайрам» шағын ауданындағы №3 қазандықтан шығатын құбыр жарылды. Нәтижесінде «Нұрсат» шағын ауданындағы 170, Сайрам шағын ауданындағы 28 көпқабаты үй жылусыз қалды. Қазір мамандар жарылған құбырларды жамауға кірісті. «Нұрсат» шағын ауданындағы 170 көпқабаты үйге апаттан кейін үш-төрт сағатта жылу қайта қосылды.

Мамандар №3 қазандықтан шығатын құбырдың жарылуына жйі сөнетін жарықтың ықпалы бар дейді. Онсызда жарығы жиі сөнетін ауданда жылудың тоқталылуы жығылғанға жұдырық болды. Жарылған құбырдың жанына қала басшылығы мен №3 энергоорталықтың өкілдері жиналып халыққа жылу беру жолдарын қарастырды.

Нәтижесінде «Нұрсат» шағын ауданына жылу жаңа салынған жүйе арқылы жіберіліп, «Сайрам» шағын ауданындағы 28 көпқабаты үйге түс ауғанша жылу берілетін болды. Жасыратыны жоқ, жыл сайын қаладағы жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп тозығы жеткен құбырлар алмастырылуда алдағы жылы да бұл шара жалғасын тапса, тап осындай кездейсоқ жарылыстардың орын алуы азаяры сөзсіз.