Теннис орталығының құрылысы аяқталып қалған сыңайлы

230
бассейннің құрылыс желтоқсанның 16-сына аяқталады

Үш жылдан бері сағызша созылған спорт ордасының құрылысы биыл аяқталады. Мәселен, спорттық нысанның төрінде негізгі ғимарат орналасқан. Бүгінде оның негізгі қаңқасы суреттелген. Ғимарат түгелімен ағаштан тұрғызылған. Мұнда кеңселік бөлмелермен, төбесі жабық хард төсеніші бар төрт корт болады. Спортшылардың киім ауыстыратын жері мен сауна, тіпті екінші қабатта кафетерийде жұмыс жасайды. Мұндағы әрбір затты хорватиялық мамандар арнайы тапсырыспен шет елден сатып алған.

Мыңға жуық ағаштармен шыршалар отырғызылады. Бүгіннің өзінде бір қатары жерге орнығып қалған. Содан кейін газон төселінеді. Сыртқы алаңшалар толығымен аяқталған. Желтоқсанның 16-на үлгермесе де, келесі жылға дейін қолданысқа беріледі дейді хорватиялық мамандар. Сондай-ақ тағы қосымша үш ғимарат бой көтеретін болады. Оның құрылысы кейінірек басталады.

Сондай ақ жаңа жылға дейін тағы бір спорттық нысан қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Орталық стадионның жанында халықаралық сапаға сай бассеин ашылмақ. Құрылысқа жауапты азаматтардың сөзіне қарағанда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына олар спортшыларға арнап үлкен сый жасамақ. Бассеиннің тереңдігі 1 метр 80 сантиметрден бастап, төрт метрге дейін жетеді. Ал ұзынды 50 метр болса, көлемі 21 метр.

Самат Әбдішев, прораб: «Арнайы  құрылғылардың көмегімен бассеиннің суы тазартылып, қажетті температураны ұстап тұрады. Орнатылып болған соң, арнайы мамандар оны іске қосатын болады.»

Бүгінде құрылыстың 90 пайызы аяқталған деп сендіреді жауапты азаматтар. 2012 жылы спорттық нысанның есігі спортшылар үшін айқара ашылады.

Самат Әбдішев, прораб: «Халықаралық сапаға сай бассеин болады. Бұл жерде байрақты жарыстар өткізуге болады, мәселен 900-ге жуық жанкүйер спортшылардың жарысын тамашалай алады. Кім біледі, мүмкін, болашақта Олимпиада ойындарын өткізуге де болатын шығар.»