Шымкент қаласының жолсілтеме кітапшасы жарық көрді

345

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін жолсілтеме кітапшасы жарық көрді. Тарихы тереңде жатқан шахардың қайталанбас, бірегей орындары мен бүгінгі көріктенген жерлерін білем деген жан үшін табылмайтын көмекші құралды «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігі грант негізінде жасап шығарды.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен дайындалған кітапша екі түрлі формада жарық көрген. Сапалы жолсілтемеге қазірдің өзінде сұраныс үлкен, дейді қоғам көшбасшысы Клара Әліпова.

Кітапшалардың алғашқы данасын «Отырар телернасы» мен біздің қос газетіміздің ұжымына тарту етті.