«Арай» байқауы басталды

556

Шымкентте жас эстhада әншілері мен іс-шара жүргізушілерінің облыстық «Арай» байқауы басталды. Биыл 18-ші рет рет қолға алынған өнер бәсекесінде 16 мен 25 жас аралығындағы үміткерлер бақ сынауда. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, биыл осы сайысқа қатысу үшін жүздеген жерлесіміз тілек білдірген. Ақтық сынға тек 30 жас әнші мен 11 жүргізуші ғана жолдама алыпты. Айта кетейік, жас күміс көмейлер байқау шарты аясында 1 патриоттық және еркін тақырыпта ән орындауы тиіс. Ал кеш жүргізушілерінің бабы байқауды жүргізуі барысында анықталмақ. Өнер иелерін 7 адамнан құралған қазылар алқасы бағалап отыр.

байқауға 30 жас әнші қатысты
 

Нұрлан Әділханов, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры: «Биыл «Арайдың» ерекшелігі – сахнаның сұлулығында. Бұған қоса жүргізушілердің мынадай эфир арқылы сахна сыртында сөз сөйлеп, қатысушылардың әсерімен бөлісуінде деп білемін. Жас әншілердің дауыстарына ғана емес, сахнада өзін-өзі ұстауына және әнді шебер орындауына баса назар аударылады. Ал жүргізушілердің сахналық киіміне, сөз мәнеріне қазылар алқасы бағасын береді.»

үміткерлер
Үміткерлер

 Ұлықпан Жүсіп, облыстық «Арай» байқауының үміткері: «Мен сахнаға алғаш болып шығып, ән айтқан соң, әрине, қобылжыдым. Бірақ өз ойымдағыдай орындап шықтым. «Туған жер» тақырыбындағы әнді айтқанда көз алдыма өзімнің туған жерім – Шардара қаласы елестеді. Жүлдеден үмітім бар. Бас жүлдені жеңіп алсам деп армандап отырмын. Қарсыластарым осал емес, барлығы талантты, сондықтан өзіме жеңіс, өзге үміткерлерге сәттілік тілеймін!»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1nFwGfSK8vk[/youtube]

 Айтулы байқаудың бас жүлдесіне 200 мың теңге ақшалай сыйақы тағайындалыпты. Бұған қоса жеңімпаз жас әнші республикалық «Жас қанат» ән додасына жолдама алады.