Компания жаңалығы 

Бізге жекеменшік мектеп керек пе?

Бүгінде облыста 1022 жалпы орта мектеп және 18 «Дарын» мектебі бар. Ал  жекеменшік мектеп 7-еу
Бүгінде облыста 1022 жалпы орта мектеп және 18 «Дарын» мектебі бар. Ал жекеменшік мектеп 7-еу

Бүгінде облыста 1022 жалпы орта мектеп және 18 «Дарын» мектебі бар. Ал жекеменшік мектеп 7-еу. Бұл көп пе, аз ба? Көбейту керек пе, әлде жоқ па? Жекеменшік мектеп қажет пе бізге? Ондағы білім беру стандарты қандай? Жекеменшік мектепте оқитын оқушылар жайлы біз не білеміз? Ақы төлеп оқитын мектептің нендей артықшылығы бар? Осы сияқты сан қилы көкейде жүрген сұрақтарға жауап іздеуге тырыстық. Алдымен облыстық білім басқармасындағы жауапты мамандардан бірқатар мәлімет алдық. Олар не дейді?

 

Мадияр Оразалиев, облыстық мәслихаттың депутаты
Мадияр Оразалиев, облыстық мәслихаттың депутаты

Мадияр Оразалиев, облыстық мәслихаттың депутаты:

– Мен үшін мектептің жақсы-жаманы жоқ. Мұғалім білімді болса, одан тәлім алған бала да жаман болмайды. Ең бастысы, оқушының бойында білімге деген ынта-жігері, ықыласы болуы керек. Дарынды бала қайда оқыса да, дарындылығын байқатады. Бірақ, көбіне бала өзін қоршаған ортаға қарай ыңғайлайды. Мысалы, «Дарын» мектептері емтихан, сынақ арқылы білімді балаларды саралап алады. Демек, сол ортада тәлім алған бала жан-жағына еліктеп, білімін шыңдай түсуге ұмтылады. Міне, осындайда ғана гимназия, лицей және дарынды балаларға арналған мектептердің орны бөлек. Қалай дегенмен де, көп жауапкершіліктің мұғалімге артылатыны рас. Білікті, тәжірибесі мол ұстаз өз шәкірттеріне сапалы білім беруге қауқарлы. Жәй мектеп болсын, не ол ақылы болсын, бастысы сапаға мән беру керек. Сонда ғана біз болашағымызды бүгінгі өскелең ұрпаққа сеніп тапсыра аламыз.

Жоғарыда айтқан ақылы мектептердің барлығы да Шымкент қаласында орналасқан. Демек, ауыл тұрғындары үшін «жекеменшік мектеп» ұғымы жат болуы да мүмкін. Бірінің тек құлағы шалып қалса, ал кейбіреулері мұндай мектептен мүлдем хабарсыз десек те болады. Жекеменшік деп айтқанымызбен, онда да мұғалімдер кәдімгі стандартқа сай оқу бағдарламасымен сабақ өтеді. Өйткені, жалпы білім беру мекемелеріне ортақ заңдылық «Дарын» мектептері сияқты, бұларға да қатысты, дейді облыстық білім басқармасындағылар. Дегенмен, жекеменшік мектеп басшыларының айтуынша, мемлекеттік жалпы орта мектептерден ондағы оқыту әдісінде біршама өзгерістер бар көрінеді. Яғни, мұнда пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізіліп, білімді тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибемен ұштастыруға көбірек мән беріледі екен. Естуімізше, мұндай мектептерде көбіне қызметтегі кісілердің, қалталы азаматтардың балалары оқиды. Өйткені, қызмет бабымен балаға көп уақыт бөле алмайтын мұндай ата-аналар балаларын қосымша сабақтар мен түрлі курстарға қатыстырып, ақылы мектептің іргесінде білім алуға жетелейді. Ал, біз сұрап-білген ата-аналар мұндағы оқу бағдарламасы жалпы орта мектептерден көш ілгері екенін айтады. Кейбірі ағылшын тілін меңгеруде «Холвард» бағдарламасын қолданса, енді бірі шетелдік өзге де озық үлгілерді пайдалана отырып, сабақ береді. Мектеп бітірушілерінің көбі АҚШ, Англия, Германия, Қытай сынды дамыған елдердің «менмін» деген университеттерінде білім алып жатқандықтарын да мақтана айтуда. Тағы бір айта кетерлігі, жекеменшік мектептерде бала санының аз болуынан оқушылардың сабақ үлгерімі де жақсы. Өйткені, бір-біріне кедергі келтіретін, улап-шулайтын бала жоқ мұнда. Жәй мектепте 1 сынып бөлмесінде кемінде 25-30 бала отырса, мұндай білім ошақтарында ары кетсе 10-15 оқушы білім алады. Айтпақшы, ақылы мектепте оқысаңыз, айына балаңыздың оқуына 35-40 мың теңгеге жуық ақша төлейсіз. Алайда, бұл сома тұрақты емес, өзгеруі де мүмкін. 

 

Ақжан Сейітова
Ақжан Сейітова

Ақжан Сейітова, ата-ана:

– Менің қызым «Төржан» мектебінде дайындық сыныбында оқиды. Жекеменшік мектепті таңдаудағы себебім, қызметтегі адаммын, көбіне қызымды сабаққа апарып-әкелуге уақыт бола бермейді. Ал біз таңдаған мектепте балаларды таңертең әкетіп, кешке үйлеріне әкеліп тастайтын арнайы көліктері бар. Сондай-ақ, балалар кешке дейін мектепте болады. Оқиды, тамақтанады, ойнайды, билейді, ұйықтайды т.б. Яғни, әрбір оқушы кешке дейін уақытын тиімді өткізе алады. Қажет болса медициналық қызмет те дайын. Сосын әр сыныпта бала саны аз болғандықтан, білім де сапалы болады.

Жекеменшік мектепте білім алған оқушылар да ҰБТ-ға қатысады. Олардың да білім көрсеткіші жалпы облыстың білім сапасымен өлшенеді. Яғни, ҰБТ тапсырған оқушы үлгерімінің облысқа ортақ көрсеткішке қатысы бар. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әуезхановтың айтуынша, биыл жалпы білім беретін орта мектептерге ҰБТ-да 80-нен төмен емес, лицей-гимназияларға – 85-тен, ал «Дарын» мектептеріне – 100-ден кем емес балл жинауға талап қойылған. Ал, жекеменшік мектептерге қойылатын талап жалпы орта мектептермен бірдей. «Бізге жекеменшік мектептер қажет пе?» деген сұрағымызға Серік Әуезханов «Иә. Бізде әлі күнге мектеп жетіспеушілігі бар. Мысалы, облыста 48 апатты мектеп болса, 37 мектепте оқушылар 3 ауысымда білім алып келеді. Міне, осындай олқылықтардың орнын толтыруға жекеменшік мектептер өз үлесін қосып келеді» деп жауап берді. Демек, біз мұндай мектептерге зәруміз. Тіпті, жекеменшік мектептердің саны артып жатса да, артықтық етпейді. Тек қалтаңыз көтерсе болғаны. Алайда, олар жекенің меншігінде болғандықтан, облыстық білім басқармасы бұл мекемелерге тікелей тексеру жүргізуге қауқарсыз, тек оқушылар білімін зерделеуге құқылы екен. Олар тікелей облыстық білім бақылау департаментінің бақылауында.

Гүлнұр СӘТБАЕВА

Ауыл мектептерінде қызмет атқаратын педагог-мамандарға бірқатар әлеуметтік  жеңілдіктер қарастырылған
Ауыл мектептерінде қызмет атқаратын педагог-мамандарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған

Ауыл мұғаліміне берілетін қандай жеңілдіктер бар?

Ауыл мектептерінде қызмет атқаратын педагог-мамандарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Ол жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылуы керек. Сонымен:

– айлық жалақылар мен тарифтік ставкалары кемінде 25 % арттырылып белгіленеді;

– коммуналдық қызмет түрлеріне жұмсалатын қаржы-шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға (жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде) аудандық бюджет есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;

 

Ардақ Рысбекова, «Арман» жекеменшік гимназиясының директоры
Ардақ Рысбекова, «Арман» жекеменшік гимназиясының директоры

Ардақ Рысбекова, «Арман» жекеменшік гимназиясының директоры:

– Жекеменшік мектептерде білім беру стандарты ҚР Білім министрлігі бекіткен талаппен жүзеге асады. Мемлекеттік мектептерден артықшылығы бізде бір сыныпта 30-40 бала отырмайды. Мұғалімнің әр баланың қарым-қабілетін анықтауға, үй тапсырмасын тексеруге, жаңа өткен тақырыпты түсінген, түсінбегенін білуге мүмкіндігі болады. Басқа мектептерді білмеймін, біздің «Арманда» бала кешке дейін мектеп қабырғасында болады. Сабақтан соң тамағын ішіп, үй тапсырмасына ұстаздарымен бірге дайындалады. Әр баланың неге қабілетті екені сарапқа салынып, сабақты сол қарым-қабілетіне қарай оқыту әдісі қолданылады. Әр балаға тұлға ретінде жеке қарым-қатынас жасалады. ҰБТ-ға дайындық курсын іздеп қаланы кезіп кету жоқ. Осы мектеп ішінде балаға барлық жағдай жасалған. Бұл бүгінгідей уақыт тапшы заманда ата-ана үшін де қолайлы. Ең басты артықшылық, интеллектуалдық жағынан баланың ой-өрісін дамытуда жекеменшік мектептердің атқаратын рөлі үлкен.

– Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады;

– жекеменшігінде малы барларға жем-шөп, малын жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі. (Бұл ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319-III заңы 53-бабы 2-тармағына негізделген).

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz