Дәрі-дәрмек қымбаттаған жоқ

336
дәрі-дәрмек

Дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттаған жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жұмағали Исмаилов осылай деп мәлімдеді. 

дәрі-дәрмек
дәрі-дәрмек

Қазір арнайы құрылған штаб үздіксіз қадағалау жұмыстарын жүргізіп отыр екен. Өңірдің БАҚ өкілдерін жинап, арнайы баспасөз-мәслихатын өткізген облысымыздың бас дәрігері ана мен бала өлімінің төмендегенін де жеткізді.

Облыс әкімдігі өңірдегі дәрі-дәрмек шығаратын мекемелер және ірі сауда орындарымен меморандум түзіп, көп қолданысқа ие деген 210 дәрінің бағасын қымбаттатпауға келіскен. Олардың тізімі түзіліп, денсаулық сақтау басқармасының сайтында ресми жарияланған. Келісім бойынша олардың бағасы күнделікті қадағаланып, қымбаттамауы керек. Әзірге екі айға дейін бағаны тұрақтандырып, арнайы мониторнинг жасайтын топ арнайы тізіммен дәрі-дәрмектің бағасын күнделікті қадағалап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=J081zD_iKXA[/youtube]

Рас, әзірге жағадан алып тұрған баға жоқ. Кез-келген дәріханаға кірсеңіз, тауарларының қымбаттамағанын алға тартады. Жиі қолданылатын дәрілер арзан бағамен босатылуда.

Сондай-ақ, оңтүстікқазақстандықтардың өмір сүру жасы 70-ке дейін ұзарыпты. Бұл жақсы көрсеткіш деп тілшілерден сүйінші сұраған өңіріміздің бас дәрігері ана мен бала өлімі төмендегенін де тілге тиек етті. Бұған қоса өткен жылы жүрекке төрт жүзге жуық операция жасалыпты. Алғаш рет бүйрек ауыстырылған. Басқарма басшысы облысымызда «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңі аясында атқарылған оңды істермен таныстырды. Осылайша халықтың денсаулығын күшейту үшін аянып отырмағандарын айтады.