ОҚМУ-да студенттік бизнес-инкубатор орталығы ашылды

393
болашақ кәсіпкерлер өз жобасын қорғады

Енді студенттер де кәсіпкер бола алады. Оңтүстіктің 16 мыңға жуық студенті өз кәсібін ашып, нәсібін көруге мүмкіндік алды. Бұл жағымды жаңалық Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен орын алып отыр. Ендігі жерде күнгейдің бизнеске бейім жастары бизнес-инкубатордың көмегімен ырысты болмақ.

болашақ кәсіпкерлер өз жобасын қорғады
Болашақ кәсіпкер өз жобасын қорғады

Мына студенттер баюдың жолын жақсы біледі. Жоспары тың, сенімі берік. Тек кәсіпкерлік палатадан қолдау тапса, болғаны. Әрі қарай кәсібінен нәсіп көреміз деген үмітін үкілеп отыр.

Айгерім Алматова, студент: «Жастарда идея бар. Бірақ, қаражат болмайды. Ал кәсіпкерлерде қаражат бар, идея жоқ. Сондықтан екеуін ұштастырып, жастарды кәсіпкерлікке баулуды көздеп отырмыз. Бұл – болашақ кәсіпкерлерге арналған алғашқы мектеп.»

Бизнес инкубатор жастарға алғашқы жәрдемші
Бизнес-инкубатор – жастарға алғашқы жәрдемші

Облыстың ордалы білім ордасының 16 мыңға жуық студенті өз бизнесін бастауда өзгелерден оқ бойы озып келеді. Ендігі іс – соны дамыту. Сондықтан кәсіпкерлер палатасының мамандарынан тегін кеңес алып, кәсібін қаржыландыруға қолдау тапса, болғаны. Ал жолы болғандардың бұл күнде жеке кабинет, ыңғайлы жиһаз, интернетке қосылған компьютері бар. Осылайша тәлімгерлер апта сайын бизнес-инкубатор бағдарламасы бойынша түрлі сабақтар өтіп, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алған. Бұл оқуларын сабақтан тыс және демалыс күндері жетілдіруге де мүмкіндіктері бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=xbwb57-GOoY[/youtube]

Бүгінгі күні облысымызда 770 мың жас бар. Арасында болашақ кәсіпкер, бизнесмен және білікті мамандар бар. Дені көшбасшылықтың сырын білетіндер. Осыны ескерсе керек, облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірдегі бірқатар оқу орындарымен бірлесіп, тағы 20 студенттік бизнес-инкубаторды ашуды жоспарлап отыр.