Оңтүстікте құмар ойын қызып тұр

337
Шұғыл түсірілім

Оңтүстікте құмар ойынға бой алдырғандар көп. 2013 жылы өңір бойынша 104 ойын автоматы тәркіленіп, көлеңкелі бизнестің жолы кесілсе, биыл бұл көрсеткіштің еселеніп отырғаны алаңдатады. Мысалы, соңғы екі айда облыс аумағы бойынша заңсыз ойынға арналған 115 автомат тәркіленген. Осы мәселенің бүге-шүгесін зерттеп, құмар ойынға құмартқандардың санын қысқартумен тер төгіп жүрген қаржы полициясы кезекті жиын өткізді.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

2014 жылдың 15-ақпанында Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері құмар ойын бизнесін ұйымдастырып келген қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл қылмыстық топтың 2013 жылдың қыркүйек айынан бері заңсыз бизнес түрімен айналысқаны анықталып отыр. Олар емін-еркін қаланың орталығындағы ғимартаттарды жалға алып, көлеңкелі бизнестің көсегесін көгертіп келген. Барлығы 8 залдың ісі әшкере болды.

Эльвира Қадірсізова, ОҚО экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі: «Атап айтқанда, Уәлиханов көшесінің бойындағы «Мечта» сауда үйінде, Рысқұлов көшесінің бойындағы «16 район» клубында, тағы да басқа жерлерде орналасқан.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EF7xYX8bpmY[/youtube]

Қаржы полициясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық топ 20 адамнан құрылған. Олардың әрқайсысының өз міндеті болған көрінеді. Бірі қаржы жағын басқарса, енді бірі қарауыл қызметін атқарған. Осы қылмыстық топты ұйымдастырған 4 азаматты қаржы полициясының тергеушілері арнайы санкциямен қамауға алды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BJyNjDzGQI0[/youtube]

Бұл тұлғалардың үстінен Қазақстанның қылмыстық кодексінің 269-бабы, 3-бөлігі, яғни, құмар ойынханаларын ұйымдастыру фактісі бойынша айып тағылуда. Тергеу барысында осы айыптылардың бірі бұған дейін де осындай іс-әрекеті үшін жауапқа тартылғаны анықталды. Ол кезде судья алғашқы рет осындай заңсыз бизнеспен айналысқан үшін айыптыны қоғамдық жұмысқа тартумен шектелген екен. Енді қайтадан заңсыз әрекетке баруы қылмысты ауырлататын факті болып есептеледі. Тиісінше жаза да ауырлай түседі.