Шымкентте майонездің ішінен героин шықты (видео)

374
Шұғыл түсірілім

Шымкентте азық-түліктің ішіне есірткі затын тығып, түрмеге өткізбек болған азамат ұсталды. Бұл фактіні Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесіне қарасты ИЧ 167/2 түзеу мекемесінің қызметкерлері әшкерелеп отыр. Шұғыл қызметкерлер қала тұрғындарының бірі абақтыда жазасын өтеп жүрген сотталушылардың біріне сәлемдеме арқылы есірткі затын беріп жібермек деген ақпарат алады.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Жедел алдын алу операциясын ұйымдастырған әділет саласының қызметкерлері түрмеге азық-түлік алып келгендің барлығы мұқият тексере бастады. Нәтижесінде 33 жастағы азамат құрыққа ілінді. Ол абақты қызметкерлерінің сұрағына өзінде ешқандай тыйым салынған зат жоқ деп жауап берді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=olsXeg3-yng[/youtube]

Сезікті азамат бұл сәлемдеме меніңкі емес деп, бет бақтырмады. Айтуынша, түрме маңында кездестірген бір азамат абақтыға азық-түлік беріп жіберуін өтініпті. Ал танымайтын адамның затын не үшін тасып жүргенін сұраған тәртіп сақшыларына мардымды жауап болмады. Бір айта кетерлігі, сезіктінің өзі бұған дейін сотты болған екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AebsJfL7xSI[/youtube]

Абақты қызметкерлері сәлемдеме ішіндегі азық-түліктің барлығын тексерді. Бәліш пен тәттілер, күлше нанды кесіп, шайды төгіп тексерген мамандар алғашында ешқандай күдікті зат тапқан жоқ. Дегенмен, ең қызығы әлі алда болатын. Ең соңында, герметикалық ыдысқа салынған майонез бен қою сүтті ыдысқа құйған сәтте ішінен есірткі заты шыға келді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mOXp6OfHuRs[/youtube]

Осылайша қою сүттің ішінен – 2, майонез бен кетчуптің ішінен 6 орама табылды. Олардың барлығы арнайы сараптамаға жіберіліп, героин екені анықталды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=S3htO0JJFxk[/youtube]

Қазіргі таңда 33 жастағы күдікті азамат уақытша тергеу абақтысына қамалған. Оның үстінен ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдау фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.