Шымкенттіктер Үйлесім күнін тойлады (фото)

21 наурыз – Үйлесім күні. Әз Наурызды тойлаудың осы бір күнінде шаһар жұртшылығы ұлыстың ұлы мерекесін қаладағы «Наурыз алаңында» тойлады. Мыңдаған халық жиналған осынау күнде жерлестеріміз көтеріңкі көңіл-күйде болды. Облысымыздың барша мәдениет майталмандары көрермендерге сахналық қойылым ұсынып, ән мен жырдан шашу шашты.

Оңтүстіктің барлық аудан-қалаларынан жиналған аудандық әкімдіктер атшабар маңында киіз үй тігіп, келген қонақтарды Наурыз көжемен сыйлады.

Ұлы мерекенің құрметіне жастарымыз да атсалысты. Жүзден жүйрік суырып салма жас ақындар әз-Наурыз жайлы айтыс ұйымдастырды. Замандастарын қағытпа қалжыңмен түйреп, келген жұртты қыран-топан күлкіге бөледі.

Ал 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде жастарымыз таң шапағын қарсы алып, Жаңа күнді күтті. Бірін-бірі жаңа жылмен құттықтап, жылқы жылы құт әкелсін деп тілесті.

Наурыз

 

Наурыз

 

Наурыз

Наурыз

Наурыз

Наурыз

Наурыз

Наурыз

Наурыз