Төтеншеліктер кәсіпкерлерді тексермейді

319
төтеншеліктер дөңгелек үстел өткізді

Ұлттық экономиканың негізгі күші кәсіпкерлікті жалпылай қолдау қажет. Дәл осындай тақырыпта облыстық төтенше жағдайлар департаменті дөңгелек үстел өткізді.

төтеншеліктер дөңгелек үстел өткізді
т

Мамандар өңірдегі кәсіпкерлердің басын қосып, олардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті дамыту барысында ешқандай тексерістің болмайтынын жариялады. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында соңғы үш жылда департамент өз тарапынан шағын кәсіпкерлік нысандарына деген өрт-техникалық тексерулерді қысқартып келгендерін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды азайтудың негізгі шараларының бірі ретінде рұқсат құжаттар санын азайтпақ. Бұл бағытта 103 рұқсат беру құжатының 80 түрі қысқартылғаны айтылды.

Бақытжан Запаров, ОҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы: «Жеке кәсіпкерлерді жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге жол берілмейді. Мысалы, 2012 жылы шағын кәсіпкерлік нысандарына өрт-техникалық тексеру саны 27 пайызға төмендесе, 2013 жылы 44 пайызға төмендеген. Ал биыл жеке кәсіпкерлерді тексеру мүлдем жоспарланған жоқ.»