Шымкентте екі күнде екі жасөспірім қаза болды

267

Қайтпастағы жаға ұстатар сұмдық қыркүйектің алғашқы күндерінде орын алды. 5-қыркүйек күні осындағы мектептердің бірінің оқушысы сабаққа келмей қалады. Оны іздестірген ұстаздар жасөспірімнің ата-анасына хабарласыпты.

Кейін анықталғандай, сабаққа келмеген оқушы өзінің бұрынғы сыныптасын үйіне көтеріп әкеліпті. Оған себеп – жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмған.

Мектептің мұғалімдері өз оқушыларының мұндай қылмысқа бармайтынын айтады. Оның сыныптастары да күдіктінің қолын қанға бояғанына сенбейді.

Осылайша айдың күннің аманында екі отбасыны да қайғы басты. Енді бұл істің ақ-қарасын сот анықтайды.

Шымкентте жасаөспірімдер арасындағы текетірес екінші күні тағы жалғасты. Бүгін де мектеп оқушылары бір-біріне оқ атқан деген ақпарат таңертеңнен тарап үлгерді. Оқыс оқиға қаладағы №15-ші мектептің маңында болған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оған осы білім ұясының жоғары сынып оқушыларының қатысы бар болуы мүмкін. Тіпті, бір оқушы зардап шеккен деген мәлімет бар.

Оқиғаның барысын білу үшін аулада дене шынықтыру пәнін өтіп жатқан оқушыларды әңгімеге тарттық. Бірақ олар да бейхабар болып шықты.

Ал мектеп басшысы түсіру тобын көргеннен айқайға басты.

Анық болғанындай, қазір бұл іспен Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр. Ресми ақпарат беруге шамасы жоқ. Олардың жұмысы соңғы күндері жұмысы қауырт, әр күні жасөспірімдер төбелесіне байланысты дабылмен шығады. Күні кеше көлік және жаңа технологиялар коледжінің маңында болған тағы бір атыстың жайы да анық емес әлі. Мұнда тапа-тал түсте үш шәкірт оққа ұшқан болатын. Оқу орнында қазір тыныштық орнаған. Әдеттегідей шәкірттер сыртта жүр. Коледж басшылығы кешегі оқиғаға оқу орнының ешқандай қатысы жоқ деп ақталды.

Оқ тиіп жараланғандардың дәл осы колледжен екенін жедел жәрдем көрсету ауруханасының дәрігерлері нақтылап берді.

Ал оққа ұшып, қаза тапқан 16 жасар жеткіншектің Болашақ коледжінде білім алатыны белгілі болды. Ол биыл бірінші курсқа қабылданған екен. Бұған дейін 88-ші жалпы орта мектебінде оқыған ол тәртібіне байланысты арнайы есепте тұрған болып шықты. Бірақ бұл туралы оқу орнының басшылығы түсінік беруден бас тартты. Сөйтіп, биылғы оқу жылы басталмай жатып, шәкірттер шу шығарды. ата-аналардың бақылауды әлсіретіп жібергені тағы бір байқалды. Ал ІІД қызметкерлері анықтау жұмыстарына кіріскен.