«Қазпоштаның» меншігі өзгере ме?

394
"Қазпошта"АҚ ОҚОФ ғимараты

«Қазпоштаны» мемлекет меншігіне қайтару керек. Бұл туралы күні кеше Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева айтты. Оның айтуынша, «Қазпошта» ауыл тұрғындарын газет-журналмен қамтамасыз етуде қауқарсыз көрінеді. Осыған орай сынның астында қалған «Қазпоштаның» облыстағы жай-күйімен таныстық.

"Қазпошта"АҚ ОҚОФ ғимараты
«Қазпошта»АҚ ОҚОФ ғимараты

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: «Біз қазір мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша көптеген мүмкіндіктердің бар екенін айтып отырмыз. Егер жергілік билік ғимарат берсе, сіздер көлік бөлсеңіздер болады. Сосын оны 4-5 жылдан кейін жүргізушіге қалдырып, жаңасын алып, жұмысшыларды ынталандыруға болар еді. Мен қазір бүгінгі табыстарыңызбен қаншама шаруа атқаруға болатындығы туралы бірнеше сараптамалық мақалаларды көрсете алам. Ал қазір сіздер жұмыстың көзін таба алмай отырсыздар.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GPNg0gTtxpI[/youtube]

Оңтүстік Қазақстанда үш жүзден астам пошта бөлімшелері жұмыс істейді. Оның басым бөлігі ауыл-аймақтарда орналасқан. Техника шарықтап дамыған мына заманда айшылық алыс жерлерге хат-хабар жеткізбесе де, атқарып отырған жұмыстары көп. «Егер меншігімізді мемлекетке ауыстырып берсе, қарсы емеспіз» дейді «Қазпоштаның» өңірдегі басшылары.

Ал поштаның қызметіне көптеп жүгінетін ауылдағы зейнеткерлердің пікірі басқаша. Олар пошта бөлімшесі ескі, ғимараты тар болса да аман болсын деген ниетте. Ал қаладағы тұрғындар үшін «Қазпошта» коммуналдық төлемдерді қабылдау орнына айналғалы қашан.

пошта жәшіктері

Айтпақшы, шалғайдағы ауыл тұрғындарын газет-журналмен қамтамасыз етуде де арыз-шағым көп. Тұрғындар «Басылымдарды уақытында жеткізбейді» деп ренжулі. Бұл тұрғыда пошта қызметкерлерінің де айтары бар.

Болысбек Пірәлі, «Қазпошта» АҚ ОҚОФ басшысының орынбасары: «Редакциялардың өздері газеттерін бір аптаға, бір айға, керек десеңіз, мүлде шығармай қоятындары да бар. Көбісі кешіктіріп әкеледі. Оны алған оқырман «Мына газет үш күн бұрын шығып қойыпты» деп, біздің пошта тасушыларымызды кінәлайды. Біз жұрттың бәрінің аузына қақпақ бола алмаймыз ғой. Сондықтан редакциялармен тығыз жұмыс жасап, ескертіп жатырмыз.»

Пошташылардың алдағы тағдыры белгісіз. Меншігі өзгере ме, жоқ па, оны енді алдағы уақыт көрсетеді.