Шымкентте автокөлік өртеніп кетті (фото және видео)

615

Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде тал түсте көлік өртке оранды. Сағат шамамен күндізгі 2 жарымда өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне Республика даңғылында автокөлік жанып жатқаны жайлы суыт хабар келіп түскен.

Оқиға орнына екі арнайы техника мен 7 өрт сөндіруші шұғыл аттанады. Анық болғаны – Киа маркалы автокөлік жүріп келе жатқанда өртене жөнелген. Соның салдарынан көліктің мотор жағы толық өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15 минуттың ішінде ауыздықтады. Құдай сақтағанда адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт көліктегі тоқтың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Қазіргі таңда өрт сөндіру қызметінің анықтаушылары оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5An0DXjBO48[/youtube]