«Арай – 2014» байқауының жеңімпаздары анықталды

775
Жас эстрада әншілері және мәдени іс-шаралар жүргізушілердің 18-рет өткен облыстық байқауы

«Арай» байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл 18-рет жас эстада әншілері мен іс-шара жүргізушілерінің номинациясы бойынша өткен байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы 100 аса үміткер қатысқан.

Байқау үміткерлері әр түрлі ойда нәтжелерін күтуде
Байқау үміткерлері сайыс нәтижесін күтуде

Іріктелген үміткерлердің арасынан ақтық сынға 30 жас әнші мен 11 жүргізуші жолдама алған. Байқаудың бас жүлдесі – 200 мың теңге.

Байқау жүргізушілері, әрі үміткерлер
Байқау жүргізушілері әрі үміткерлер

Сөйтіп, байқаудың «Жас эстрада әншісі» номинациясы бойынша бас жүлдені Әйгерім Тәжі, ал мәдени іс-шаралар жүргізушілердің арасынан бас жүлдені Жақабай Нұрай иеленді.

Облыстық "Арай-2014" жас эстрада номинациясының жеңімпазы Әйгерім Тәжі
Облыстық «Арай-2014» жас эстрада номинациясының 2-орын иегері – Фахридинова Хадиша

Көрермендер жеңімпаздарға қошет етті

Гүлбала Әбуова, ҚР Мәдениет қайраткері, әділқазылар мүшесі: «Байқауға жүргізушілер номинациясы 2-3 жылдан бері енді. Өйткені, облысымыздың мәдени іс-шараларына келгенде санаулы ғана жүргізушілеріміз бар. Бізге жаңа жүргізушілер де қажет. Биылға дейінгі мәдени іс-шаралар номинациясы бойынша жүлделі орындарды ауданнан келген өнерпаздар алып кететін. Шалғай аудан болғандықтан, оларды кейін іс-шара жүргізуге шақыру тиімсіз болатын. Биыл осыны ескердік. Жалпы, байқауға келген мықты жастар бар. Алайда олармен әлі де жұмыс жасау керек.»

Әділ-қазылар мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Гүлбала Әбуованың марапаттауы

Байқауға төмендегі қазылар алқасы төрелік етті:

1. Әбдіхан Нұрмаханбетов. ҚР мәдениет қайраткері, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры, қазылар алқасының төрағасы.

2. Ғалия Шарафиева. Облыстық мәдениет басқармасы, мәдениет және өнер бөлімінің басшысы, қазылар алқасының мүшесі.

3. Балзия Абирова. Оңтүстік Қазақстан облыстық саз колледжінің оқытушысы, қазылар алқасының мүшесі.

4. Гүлбала Әбуова. ҚР мәдениет қайраткері, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның конферансье- жүргізушісі, қазылар алқасының мүшесі.

5. Ләйла Жұмабай. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, қазылар алқасының мүшесі.

6. Тәжібай Баубеков. Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығындағы дыбыс жазу студиясының музыка өңдеушісі, қазылар алқасының мүшесі.

7. Оразкүл Дәулетова. ҚР мәдениет қайраткері, опера және балет театрының солисті, қазылар алқасының мүшесі.

Жас эстрада әншілері номинациясының Бас жүлдегері Тәжі Айгерім Шымкент қаласы
«Жас эстрада әншісі» номинациясының бас жүлдегері – Тәжі Әйгерім (Шымкент қаласы)

Жүлделі орындар
«Жас эстрада әншісі»
Бас жүлде – Тәжі Әйгерім (Шымкент қаласы)
1-орын – Қожатов Нұрбек (Шымкент қаласы)
2-орын – Фахридинова Хадиша (Шымкент қаласы)
2-орын – Нурмашев Нұрқожа (Арыс қаласы)
3-орын – Сапарова Гүлмира (Түркістан қаласы)
3-орын – «Жастар» триосы (Шымкент қаласы)
3-орын – Ұлықпан Жүсіп (Шымкент қаласы)

Арнайы жүлделер

Облыс әкімінің арнайы жүлдесі – Смандияр Айнұр (Шымкент қаласы)
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі – Әкім Алтынай (Шымкент қаласы)
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі -Лесов Нұрбек (Бәйдібек ауданы)
«Үкілі үміт» жүлдесі – Созақбаев Айбек (Созақ ауданы)
«Көрермен көзайымы» жүлдесі – Төлебай Жасұлан (Ордабасы ауданы)
«Ең жас әнші» жүлдесі – Қолдас Әлия (Қазығұрт ауданы)

Іс-шара жүргізушілер номинациясының Бас жүлдегері Жақабай Нұрай Шымкент қаласы
«Іс-шара жүргізушілері» номинациясының бас жүлдегері – Жақабай Нұрай (Шымкент қаласы)

Іс-шара жүргізушілер үшін
Бас жүлде – Жақабай Нұрай (Шымкент қаласы)
1-орын – Шаумаров Сәкен (Қазығұрт ауданы)
2-орын – Әбдіғаппаров Алмас (Шымкент қаласы)
2-орын – Жанәділ Ғазиза (Шымкент қаласы)
3-орын – Күзербаев Нүркен (Шымкент қаласы)
3-орын – Кенжетайұлы Мұқағали (Шымкент қаласы)
Ынталандыру сыйлығы – Дүйсембаев Алмат (Түлкібас ауданы)
Ынталандыру сыйлығы – Шарапов Айдар (Түркістан қаласы)

https://www.youtube.com/watch?v=sif9MVJ9I30