Шымкентте бір күнде жүзден аса мүгедек жан жұмыс тапты

465
Жәрмеңкеге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзі қатысты

Шымкентте алғашқы рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге 107 кәсіпорын қатысты.  Олар келушілерге мыңға жуық бос орын ұсынды. 

мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істеуге құлықты
Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істеуге құлықты

IMG_4111

IMG_4113

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 106 мыңнан астам мүгедек жан бар. Оның 70 мыңы экономикалық белсенді жастағылар саналады. 27 мыңы еңбек етуге жарамды саналады. Түрлі себептермен мүмкіндігі шектелген бұл жандардың 959-ында мұғалім, 480-інде медицина қызметкері және 844-інде жеңіл өнеркәсіп саласының маманы деген дипломдары бар. Жұмыс берушілер білімі сәйкес келгендерін жұмысқа алуға дайынбыз деп белсеніп отыр.

107 жұмыс беруші жәрмеңкеге қатысты
Жәрмеңкеге 107 жұмыс беруші қатысты

Мұхтар Әшірбаев, «Отау строй» ЖШС кадр бөлімінің басшысы: «Біз мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс беруге дайынбыз. Ол кісілердің еңбек етуге деген ынтасы жоғары болады. Сол себепті де осы жәрмеңкеге қатыстық. Есепші мамандығы бойынша бір жігіт келді. Білімі бар, енді ептілігін байқаймыз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=skPRN9hEBuw[/youtube]

Ал Зауре Мұрзаева ІІ топтың мүгедегі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыс ұсынылатын жәрмеңкеге Түркістан қаласынан арнайы келген. Есепші мамандығын меңгерген ол тұрақты жұмысқа орналассам дейді. Бойының тым кішкентайлығын жұмысқа қабылдамаған кәсіпорындар да болыпты. Дегенмен Зәуре мойымайды, жұмыс берушілердің көптігі жанына жұбаныш сыйласа керек, бүгін жұмысбасты атанатынына сенімді болды. 

жұмыс іздеуші жандар да көп болды
 
Жәрмеңкеге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзі қатысты
Жәрмеңкеге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзі қатысты 
Тамара Дүйсенова, Әли Бектаев
Тамара Дүйсенова мен Әли Бектаев

Сөйтіп, санаулы сағаттарда жүзден аса азамат жұмыс тауып, көңілдерін демдеп қайтты. Жақсы нәтиженің куәсі болған министр Тамара Дүйсенова биыл елімізде бастауын алған «Кедергісіз келешек» акциясының мақсаты да осы деп қуаттады. Жұмыс орындарын ұсынған кәсіпкерлер арасында өндірісін енді бастаған кәсіпорын басшылары да болды.