Алтын әзірше қымбаттаған жоқ

1796
Алтын базарда баға тұрақты

Өңіріміздегі алтынтың бағасы тұрақты. Дегенмен, нарықтағы баға тұрақты болғанымен ломбардттағы баға басқаша.

Алтын базарда баға тұрақты
Алтын базарда баға тұрақты

Он жылдан аса уақыт алтын саудасымен айналысып жүрген Қанат Аманов бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеріп алған. АҚШ долларының шарықтауы қымбат металдың бағасына әсер етпей қоймайды дейді ол. Әзірге баға тұрақты болғанымен, екі-үш күнде қымбаттап кетуі бек мүмкін.

Қанат Аманов, сатушы: «Баға әлі көтерілген жоқ. Клиенттер келіп, бұрынғы бағамен алып жатыр. Егер көтеріліп жатса, бізде қарап қалмаймыз.»

алтын бұйымдар

Ал ломбардтағы жағдай мүлдем басқа. Ресей мен Украиналық алтынның граммы 4 мың теңгеден саудаланған еді. Ал бүгінгі бағам — 1 грамына бес мың теңге. Осы орайда алтынын өткізіп, пұлдағандардың қарасы көп.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3w3qVdlxy9U[/youtube]

Лаура Амансері, бағалаушы-сарапшы: «Бағаның өскені тұтынушыларға тиімді болып тұр. Олар өздерінің заттарын жоғары бағаланғанын қалайды. Сол себепті тұтынушыларымыздан арыз-шағым түскен жоқ.»

қымбат металл

Егер алтын қымбаттаса, грамы 2-3 теңгеге емес, бірден 600-700-ге теңгеге көтеріледі дейді мамандар. Ал әзірше сатып алушылардың қатары қалың. Әдеттегідей, таңдаған бұйымдарын үйреншікті бағада алып жатыр.