Бизнесті дамытуға арналған кездесуге министр қатысты (фото)

413

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен «Жұмыспен қамту – 2020″ жол картасы – шағын және орта бизнестің және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы» тақырыбында кездесу өтті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9Lme0I4G-MM[/youtube]

Министр Тамара Дүйсенова және орталықтың директоры - Бауыржан Омарбеков
Министр Тамара Дүйсенова және орталықтың директоры – Бауыржан Омарбеков

Министр орталықтың және кәсіпкерлік мектебінің жетістіктері мен бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Тамара Қасымқызы орталық мамандарының аудандық өкілдіктердің қызметкерлерімен бірге онлайн режимде қалай жұмыс істейтінін көріп, орталық жұмысының жоғары дәрежеде ұйымдастырылғандығын атап өтті. Іс-шара барысында министр «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-бағыты бойынша орталық арқылы қолдау тапқан 50-ге жуық кәсіпкердің өндірген өнімдерінің көрмесіне қатысты. Бағдарлама көмегімен жеке кәсіптерін ашып, оны әрі қарай дамытып жүрген азаматтардың жұмысына өзінің оң бағасын берді.

002

004

007

006

Көрмені тамашалағаннан соң министр кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының конференц-залында облысымыздың жас кәсіпкерлерімен кездесті. Жиналғандар «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында өзара сұрақ-жауап алмасып, кеңінен әңгіме-сұхбат құрды.

010

009

 

Жиын соңынан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Бауыржан Бақытұлы кәсіпкерлік мектебінің жұмысына қызығушылық танытқан Тамара Қасымқызына «Бизнеске арналған 100 идея» оқу құралын табыс етті.

008

Іс-шараға аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарының және жеке жұмыспен қамту агенттіктердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдіктері, облысымыздың жас кәсіпкерлері қатысқанын айта кету керек.

005

011

 

Дереккөз: Облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі