Гаухар Тұрмаханова кезекті шыңын бағындырды

430
Самбодан облыс қоржынына салынған алтын медаль

Әлем чемпионы Гаухар Тұрмахановаға өзі тәрбиеленетін спорт мектебінің ұжымы сыйлық жасады. Самбодан өткен жылы Болгарияда әлем біріншілігін жеңіп алған ару жуырда ғана Оңтүстік астанадан алтын медальмен оралды.

Самбодан облыс қоржынына салынған алтын медаль
Самбодан облыс қоржынына салынған алтын медаль

Болашағынан үміт күттірер жерлесіміз № 10 жекпе-жек спорт түрлері мектебінде соңғы бірнеше жыл бойы тәрбиеленіп келеді. Алдағы Азия ойындарында жаттықтырушылары Гаухар Тұрмахановаға үлкен үміт артып отыр. Самбо бұл додаға жуырда ғана енгізіліп отыр. Гаухардың өзі де медальдан дәмелі. Биыл ғана жастар санатынан ересектер қатарына ауысқан бойжеткен алғашқы сайыстың өзінде жетістікке жетті. 20 жастағы Гауһардың жетістігіне риза болған ұстаздары оған теледидар сыйлады.