Сергей анасын іздейді

275

17 жасар Сергей анасын іздейді. Бір жеті бұрын облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген жеткіншектің әзірге ата-анасы табылар емес. Сергей Тыщеноконың сөзіне сенсек, анасы Людмила Тыщенко жағызбасты әйел, маскүнемдікке салынған. Сондықтан бозбала осыдан 2 жыл бұрын анасынан бөлініп кеткен екен. Содан бері бірін-бірінен хабар-ошарсыз.

7 Сергей анасы бұрын қаладағы 18-шағынауданда пәтер жалдап тұрғанын айтады. Араға уақыт салып үйіне іздеп барғанда, өзге пәтер иелдерін жолықтырыпты. Айта кетейік, жыл басынан бері осы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қараусыз қалған осындай 76 бала жеткізілген. Әзірге оның 65-і туыстарын тауыпты.

 

Сергей Тыщенко: «Мен мұнда ойда-жоқта түстім. Көшеде достарыммен жүргенбіз, полицейлер осы орталыққа жеткізді. 2 жыл бұрын үйден кеткенмін.  Пәтер жалдадым. Базарда және автожуу бекеттерінде жұмыс жасап, ақша таптым. Ешқандай туыстарымды, тіпті әкемді де  танымаймын, анам ешкіммен араластырмайтын.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cka1yc9fjYw[/youtube]