3 бірдей бүлдіршіннің анасына қайтарылуын сот шешеді

476

Тастанды атанған балалардың тағдырын сот шешеді. Қаңтардың алғашқы күндері 3 бірдей баласын көшеге тастап кетті деп айыпталған әйел балаларын енді қайтара алмай жүр. Естеріңізге болса, Ақмарал Жарылқасынова бауыр еті балаларын далаға емес, енесінің қолына табыстағанын айтып ақталған еді. Азаматшаның айтуынша, үйімнің алдынан бейтаныс бөбектерді тауып алдым деп полицияға хабарласқан тұрғын – Пәрида Сәриева оның енесі болып шықты.

4 жасар Керемет
4 жасар Керемет

Төрт жасар Керемет бүгін анасына телефон арқылы да сағынышын айтпақ болды. Бірақ бала көңіл үнсіз. «Сағындым» деген сөзін айта алмады. Бөбектің осы облыстық кәмлетке толмағандарды бейімдей орталығын паналап жүргеніне 1 айдан асқан. Тәрбиешілерінің айтуынша, алғашында айналасындағыларды жатырқай қараған Керемет қазір ортасына үйренісіп кеткен. Бірақ анасын іздеп, есікке жиі жәутеңдейді. 

Керемет өзге балалармен жатырқамай ойнап жүр
Керемет өзге балалармен жатырқамай ойнап жүр

Керемет: «Мамам кеше келді, маған шиколод әкелді. Мен мамамды сағынып кеттім».

Пернегүл Асанқызы, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі: «Кереметтің анасы келіп тұрады, аптасына 2-3 рет келеді, өзімен бірге қызына тәттілер алып келеді. Ал Керемет анасының алдынан жүгіріп шығып, қарсы алады. Керемет – ақкөңіл, жақсы қыз, өзге балалармен жақсы ойнайды. Тамаққа деген тәбеті де жақсы, ал анасы қызын құжаттары дайын болғанда әкетемін дейді.» 

Мирас
Мирас қалалық бөбектер үйінде

Ал Кереметтің екі бірдей бауыры — Мирас пен Кәусар 7-ақпаннан бері қалалық бөбектер үйінде. 2 жасар Мирас да айналасындағы достарымен ойнап, жүгіріп жүр. Дәрігерлердің айтуынша, балалар мұнда 5 мезгіл тамақтандырады. Алайда енді ғана жасына толған Кәусарға ұйқыға жатар алдында қосымша тағы да дәрумендер беріледі.

Мирас
Мирас

Гүлсім Абралиева, Шымкент қалалық мамандандырылған бөбектер үйінің дәрігер -педиатры: «Кәусардың салмағы өте аз, қаны да аз. Баланың туғанында жақсы тамақтандырылмағаны байқалады, сондықтан өзінің жасына сай емес, енді емдік шара қолданып жатырмыз. Массаж жасап, дәрумендер беріп, қолдан келгенін жасап жатырмыз ғой. Енді араға уақыт салып, Кәусар жасына лайық болады деп, жағдайы жақсарады деп ойлаймыз. №1 балалар ауруханасында бұған дейін өкпесінің қабынуымен емделген екен.» 

Кәусар 1 жастан енді асқан
Кәусар 1 жастан енді асқан 

Осы жағдайдан хабардар болып отырған облыстық балалардың құқығын қорғау жөніндегі басқарма мамандары балалардың анасына көмек қолын создық деп отыр.

Исақ Асанов, облыстық балалардың құқығын қорғау жөніндегі басқарманың бас маманы: «Жарылқасынова Ақмаралдың үлкен қызы Кереметке қазір туу туралы куәлік рәсімделу үстінде, 1 аптаның көлемінде берілетін болады. Туу туралы куәлік рәсімделіп болған соң, Кереметті анасы орталықтан алып кете алады. Ал Кәусар мен Мирас есімді бүлдіршіндері туу туралы куәлік рәсімделіп қойған. Алайда оларға өзге  фамилия беріліп қойғандықтан, Кәусар мен Мирасты алып кету үшін анасына енді сот шешімін күтуге тура келеді.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=N_Uuwn9SoEw[/youtube]