Жәрмеңкеде сатылған картоптың арасынан шірігені де шықты

Пиязды арзан бағамен алғысы келген халық қабымен алып жатты

АҚШ долларына шаққанда теңге бағамы құлдырағаннан кейін Шымкентте арзан бағамен өткен алғашқы жәрмеңке даумен басталды. Қаймана халық өнімді молынан алып қалу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Алайда, сағаттап кезек күткен тұрғындардың үміті ақталмады. Себебі, жәрмеңкеде сапасыз өнімді саудалағандар бар болып шықты.

Күнделікті тұтынатын өнім дүкен бағасынан 20 пайыз арзан бағамен саудаланды
Күнделікті тұтынатын өнім дүкен бағасынан 20 пайыз арзан саудаланды

Қала тұрғыны: «Екі жарым сағат болды кезек күтіп тұрғаныма, азанғы сағат сегіз жарымда келгем. Кезегім келгенше көліктегі картоп таусылып қалды. Оның үстіне сатушылар «Алсаң – ал, алмасаң – алма» деп, дөрекілік танытып жатыр. Бұл не масқара!»

Картоптың 1-келісі 55 теңгеден сатылды
Картоптың 1 келісі 55 теңгеден сатылды

Жәрмеңкедегі арзандатылған азық-түлікті алу үшін таңертеңнен бастап кезекке тұрған тұрғындардың көңілі осылайша су сепкендей басылды. Өйткені, біресе көліктегі өнім жеткіліксіз болса, біресе қаптағы картоп шірік шығып, елді әбігерге салды.

Халық жылқы етін-1000 теңге сиыр етін-900 теңге, туралған ет 900 теңгеден сатып алды
Халық жылқы етін – 1000 теңгеге, сиыр етін 900 теңгеден сатып алды

Қала тұрғыны: «Мына қаптағы кортопты мен 3200 теңгеге сатып алдым. Орнынан жылжытсам, астынан  суы шығып тұр. Алмаймын, басқасын ауыстырып бер десем, ауыстырылмайды деп айқайлайды. Мен мұны бала-шағам жесін деп алдым, енді не істеймін? Арзанның сорпасы татымас деген осы екен.»

Шұжық өнімдері 650- мен 850 теңгенің ортасында сатылды
Шұжық өнімдері 650 мен 850 теңгенің ортасында сатылды

Картоптың келісі – 55, пияз – 35, құмшекер – 115, сиыр еті – 900, ұнның келісі 50 теңгеден, шұжық өнімдерінің келісі 650-700 теңге аралығында саудаға түсті. Халықтың төмен бағадағы өнімге сұранысы жоғары. Оны жәрмеңкеге келген халықтың қарасынан байқауға болады.

Жәрмеңкеге келген халықтың қарасы қалың болды
Жәрмеңкеге келген халықтың қарасы қалың болды

Қала тұрғыны: «Осы маңда тұрамын. Апта сайын келемін, алма, бал, сүт өнімдерін  аламын. Баға әзірге тұрақты. Бізге көтерілмегені жақсы ғой. Мына бағаның өзі қалтаға салмақ салады.»

Қазір баға әбден тұрақтанғанша әр сенбі-жексенбі күндері осындай жәрмеңке өтіп тұрмақ. Қоймадағы тонналап сақталған өнім жеткілікті деп сенім білдіріп отыр жергілікті билік өкілдері.

Халық қаймақтың 1 литрін 750 теңгеден сатып алып жатты
Халық қаймақтың 1 литрін 750 теңгеден сатып алып жатты
Тауардың бағасы айнып шығуынан қорыққан тұрғындар өнімді артығымен алуға тырысты
Тауардың бағасы қымбаттап кетуінен қауіптенген жұрт өнімді артығымен алуға тырысты

ұйытылған қойдың басы да саудаға түсті

Өнімді әр ауданнан көлікпен қапшықпен жеткізіліп жатты
Өнімді әр ауданнан көлікпен қапшықтап таратты

Пияздың келісі 35 теңге, сәбіздің келісі-65 теңгеден сатылды

Пиязды арзан бағамен алғысы келген халық қабымен алып жатты

565

0568 - копия