Жеңіл атлетика шыңына баспалдақ мектеп қабырғасынан басталады (фоторепортаж)

1127
Эстафетаға қатысушылар допты айнала жылдамдыққа жүгіруі тиіс

«Қаладағы орта мектептердегі спорт залы бос тұрмауы тиіс!» Бұл – облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы. Алайда, білім ошақтарының кейбірінде спорт залы мүлдем жоқ. Ал жалғыз жаттығу залы бар оқу орындарында спорттық секциялар ашуға мүмкіндік жоқ, уақыт та тым аз.

Жеңілателетика секциясы №40 мектепте жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан дәстүрлі спорт түрі
№40 мектепте жеңіл атлетика секциясы жылдар бойы жұмыс істеп келе жатыр

№40 мектеп-гимназияда бір спорт залы бар. Былтыр ғана жөнделген. Оқу орнында екі мыңға жуық оқушы білім алады. Бірнеше спорттық секцияға уақыт жоқ. Оның үстіне спорт мектептері бұл оқу орнына келе бермейді. Бүгінде тоғызқұмалақтан бөлек жеңіл атлетика секциясы ғана жұмыс жасайды. Ең қызығы, «Спорт патшайымы » атанған жеңіл атлетикадан шәкірт дайындау бұл оқу орнының дәстүріне айналғандай. Өйткені, жылдар бойы №40 мектеп-гимназияның оқушылары қалалық жеңіл атлетика ордасымен бірлесе жұмыс жасап келеді. Секцияға қатысып жүрген жеткіншектердің бірқатары жарыстарға да шығып жүр.

Түрлі жаттығулар оқушылардың дайындығын шыңдай түседі
Түрлі жаттығулар оқушылардың дайындығын шыңдай түседі
Дәрістің соңы эстафеталық жарыспен жалғасады
Дәрістің соңы эстафеталық жарыспен жалғасады
Эстафетаның басты талабы жылдам әрі ережені бұзбай мәре сызығына бірінші болып жету.
Эстафетаның басты талабы – жылдам әрі ережені бұзбай, мәре сызығына бірінші болып жету
Эстафета ойыны балалардың физикалық дайындығын сынайды
Эстафета балалардың физикалық дайындығын сынайды

Эстафетаға қатысушылар допты айнала жылдамдыққа жүгіруі тиіс

Жеңілатлетика секциясында оқушылар баскетбол ойынының да кейбір тәсілдерімен танысады

Оқушылардың бір қатары жеңілатлетикамен кәсіби деңгейде жаттығады
Оқушылардың біразы жеңіл атлетикамен кәсіби деңгейде жаттығады
Бұл жаттығуларды жеткіншектер күн сайын қайталайды
Бұл жаттығуларды жеткіншектер күн сайын қайталайды
Эстафета қорытындысы бойынша жеңіліс тапқандар
Эстафета қорытындысы бойынша жеңіліс тапқандар осы орындықты 10 реттен көтереді