Енді жалақы жаңа жүйемен төленеді

495
Жаңа жалақы жүйесін түсіндіру барысы

Алдағы уақытта дәрігерлер мен мұғалімдердің біліктілігі сүзгіден өтеді. Себебі, 2015 жылдан бастап сала мамандарының жалақысы олардың білімі мен біліктілігіне қарай төленеді. Бұл тізімде мәдениет және спорт саласының мамандары бар. Азаматтық қызметшілермен кездескен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа жалақы төлеу жүйесімен таныстырып, жаңа жүйені жік-жікке бөліп, талдап берді.

Жаңа жалақы жүйесін түсіндіру барысы

Енді дәрігер, мұғалім мен әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Министрдің айтуынша, еңбекақы төлемі мамандардың білім деңгейіне, біліктілігіне, сондай-ақ, жұмыстарының қиындығы мен жауапкершілік дәрежесіне байланысты болмақ.

Жаңа жүйе 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап енгізіледі. Азаматтық қызметшілердің лауазымдары 4 санатқа бөлінген. Басқарушылық, негізгі, әкімшілік-шаруашылық және техникалық қызметкерлер. Министр жаңа жүйе еңбек жолының ашылуына тың серпін беретініне сенімді. Жаңа жүйемен танысқан жерлестеріміздің сауалдары мен ұсыныстары да көп болды.

Оңтүстіктер жаңа жүйені де жатырқамай қабылдады

Министр ханым 1-сәуірден бастап көтерілетін жалақы мен зейнетақыға да тоқталды. Айта өтейік, жыл сайын зейнетақы және мүгедектер мен көп балалы аналарға республикалық бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді екен. Ал биыл бұл сома 350 миллиард теңгеге артыпты. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 10 пайызға өсіп, үстеме емес, қызметтік ақысы көтерілетіні айтылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=E2ZLPfWZ5PM[/youtube]

Жаңа жүйе бойынша денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы – 28, мұғалімдердің жалақысы – 29, ал әлеуметтік қорғау саласы мамандарының еңбекақысы 40 пайызға дейін көтеріледі. Бұл мәселе Елбасы жолдауында да айтылған.