Дауыл «Абайдың» «й» әрпін ұшырып кетті

465

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=V61qpOQhhmc[/youtube]

Кешегі сенбіде облысымызда қатты жел тұрып, әлеуметтік маңызды нысандарға, тұрғын үй секторына әжептеуір шығын әкелгені анық. Жылдамдығы секундына шамамен 30 метрге дейін жеткен күшті жел Шымкенттегі Абай саябағының маңдайшасын да бүлдірді. Осындағы жазудың «й» әрпі ұшып кеткен. Осылайша «Абай» емес, «Аба саябағы» болып қалыпты. Дегенмен «Жасыл ел» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мамандары «й» әрпін тез арада орнына қоятындарын айтады.