Мүгедектерге мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды

437

Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғам өмірінен сырт қалмауы тиіс. Оларда жұмысбасты болып, қатардан қалмауы керек. Бүгін Шымкентте алғаш рет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 

жәрмеңке барысы

IMG_4111 

IMG_4125

Жәрмеңге 137 мекеме қатысып, мыңнан аса жұмыс орындарын ұсынды. Айта өтейік, ОҚО-да 106 мыңнан астам мүгедек бар. Оның 71 мыңға жуығы еңбек жасындағылар, ал 27 мыңнан астамы еңбекке жарамды екен. Бұл азаматтар ешкімнен қалыспай, жанын салып еңбек етіп, елге қызмет ете алатынына сенімді. Сондықтан болар, алғаш рет ұйымдастырылған жәрмеңкеге келушілердің қатары қалың болды. Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс іздеп келушілерге сәттілік тіледі.

IMG_4126 

IMG_4136 

IMG_4141
Сондай-ақ, министрдің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекпен қамту мәселесіне арналған жұмыс берушілердің облыстық форуымы өтті. Онда барлық жұмыс берушілерге арналған үндеу қабылданады. Сонымен қатар, 1-наурыздан басталғалы отырған «Бәріміз біргеміз, мықты болсын іргеміз» акциясы аясында тағдыр тәлкегіне ұшыраған азаматтарды жұмыспен қамту ісі күшейетіндігі айтылды. Яғни, өңіріміздегі 30 мыңнан астам орта және ірі кәсіпорындары бір-бір мүгедек жанды жұмысқа қабылдап, қамқорлыққа алмақ. Бұл бастаманы облысымыздағы кәсіпкерлер бір ауыздан қолдады.