Тұрақтандыру қорында азық-түлік жеткілікті

328

Тұрақтандыру қоры облысымыздағы әлеуметтік азық-түліктің бағасын реттеп, жергілікті халықты қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы құрылған. Қордың қоймаларын қажетті азықпен толтыру үшін қазынадан 2013-2014 жылдары 1 миллиард 800 миллион теңге қаралып, күні бүгінге дейін оның 350 миллион теңгесі игеріліп отыр.

vlcsnap-2014-02-22-13h52m21s50

Мұқтар Тұрабеков, Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары: «Бүгінгі таңда біздің қорымызда жалпы көлемі 900 тоннадан астам картоп, 3000 тонна көлемінде ұн, құмшекер, 100 тоннаға жуық пияз, сәбіз және тағы осы сияқты азық-түлік бар.»

vlcsnap-2014-02-22-13h50m59s224

Кешегі аптада тұрақтандыру қорының қоймаларынан шаһардағы 22 әлеуметтік дүкен мен 14 базарға, 7  ірі супермаркетке 500 тоннадан астам азық-түлік жеткізілген. Сонымен қатар 350 тонна қант сатылыпты. Шымкентке құмшекердің тағы 400 тоннасын жеткізу жоспарланып отыр. Картоп мәселесі де шешімін тапқан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=R3ktqWkTEsk[/youtube]

Марат Спатаев,  Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының менеджері: «Біз күніне 40 тонна картопты сұрыптаудан өткіземіз. Қайтып келген картоп болсын, жаңадан келгені болсын, оны ары қарай көре жатарсыздар. Бірақ, еш уайым жоқ. азық-түлік міндетті түрде жетеді. Азық-түлік таусылып жатқан күннің өзінде қайта жеткізіп, осы қоймаға тиеп қоюға мүмкіншілігіміз де, қаржымыз да бар.»

vlcsnap-2014-02-22-13h51m18s186

Қала әкімдігі мен Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бірлесіп, қала халқын арзан азықпен қамтудың ұтымды жолдарын жасауда. Мәселен, тұрақтандыру қорынан Шымқаланың базарларына картоп, ұн, сәбіз қызылша әр келісіне 50 теңгеден, қант – 115 , сәбіз 35 теңгеден жеткізілуде. Алдағы уақытта мұнда күріш, май секілді басқа да азық-түлік түрлері жеткізілмек.