Кентаудың әкімі ауысты

528
Әбдібақыт Мақұлбаев, Кентау қаласының әкімі

Оңтүстікте – ауыс-түйіс. Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды. Кенді қалаға басшы болып, Әбдібақыт Мақұлбаев қызметіне кірісті. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп,  күн тәртібінде қала әкімі қызметіне А.Мақұлбаевты тағайындау мәселесі қаралды. Сессия мәжілісіне қатысқан облыс әкімі А.Мырзахметов қала әкімі лауазымына Ә.Мақұлбаевтың кандидатурасын ұсынып отырғанын мәлімдеп, дауысқа салуды ұсынды. Депутаттар аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Одан кейін қала активінің жиыны өтіп облыс әкімі қала тұрғындарына А.Мақұлбаевты таныстырып, алдағы жұмыстарына табыстар тіледі.облыс басшысы Асқар Мырзахметов жаңа басшымен өзі таныстырды.

Әбдібақыт Мақұлбаев, Кентау қаласының әкімі
Әбдібақыт Мақұлбаев, Кентау қаласының жаңа әкімі

Әбдібақыт Мақұлбаев – 1961 жылы Қазығұрт ауданында туылған. Мамандығы – агроном. Еңбек жолын бұрынғы Шымкент облысы, Ленин ауданы, «Коммунизм» кеңшарындағы комсомол комитеті хатшысының орынбасары болып бастаған. Соңғы екі жылда Сарыағаш ауданының әкімі болып қызмет атқарған болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Бахытбек Шорабайұлы Байсалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімі лауазымынан босатылды.