Телефон террорына қатысты іс қозғалды

592

Оңтүстіктің тәртіп сақшылары телефон террорына қатысты тергеу амалдарын бастады. Мәселе Шымкенттің теміржол вокзалыра бомба қойылғаны туралы жалған ақпаратқа байланысты. Еске салайық, белгісіз біреу полицияның кезекші бөліміне 3-ақпан күні 16:30-да қоңырау шалып, теміржол вокзалына жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлаған болатын.

Шымкент теміржол вокзалы
Шымкент теміржол вокзалы

Тез арада вокзал маңы қоршауға алынып, жолаушылар мен вокзал қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді. Содан кейін күштік құрылымдар жарылғыш затты іздеуге кіріскен. Соның салдарынан Сарыағаш – Астана, Шымкент – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы мен бір жүк пойызы тоқтатылып, жолынан кешікті.

Полиция қызметкерлері теміржол маңын қоршап алды
Полиция қызметкерлері теміржол маңын қоршап алды

Алайда, мұқият іздеу жұмыстарынан кейін жарылғыш зат табылған жоқ. Сағат кешкі 18:40-та қауіпсіз жерге көшірілген адамдар кері қайтарылып, пойыз қозғалысы қалпына келтірілді.

Қақаған аязда жас балалар да далада тұруға мәжбүр болды
Қақаған аязда жас балалар да далада тұруға мәжбүр болды