Жолда қалғандар құтқарылды

368

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс жолға шықпауды ескертеді. Өңірде екі бағыттағы таулы асу қатаң бақылауда. Осындай ескертуге қарамай жолға шыққан көліктердің біразы далада қалып қойды. Әсіресе, Бәйдібек пен Түлкібас аудандарындағы жолда таяуда 200-ге жуық жолаушы қалып қойған.

 

Оларға төтенше жағдай департаментінің мамандары көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге жеткізді. Құтқарушылар қажетті техникалар жеткілікті деп отыр. Дегенмен, қолайсыз жағдайдың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын қолға алған жөн. Себебі ақпан аязды, әрі қарлы болады деген болжам бар.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=eX9EV-9ip4Y[/youtube]